Облыс аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу жөнінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы

Облыстық ішкі саясат бас­қар­масы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №180 қаулысымен бекітілген «Облыстың, республи­ка­лық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» жөніндегі стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызметке өтініш­терді қабылдау және мем­ле­кеттік қызмет көрсетудің нәтижелері төмендегі көрсетілген реттілікпен берілуде. Олар:

1. Облыстық ішкі саясат бас­қармасы арқылы;

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қыз­меттерді автоматтандыру­ды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы;

3. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ал мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі төмендегідей:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 10 (он) жұмыс күні. Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш берген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

Анықтаманы қағаз жеткізгіште алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрімен расталады.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

Сонымен бірге, өтініш егесі­нен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының №1-қо­сым­шасына сәйкес өтініш (мерзімді баспасөз басылымдарының атау­­лары, таралу аймағы, тілі, не­гізгі тақырыптық бағыты, шы­ғу жиілігі, таралатын дана­лардың саны) және жеке басын куәландыратын құжат көрсе­тілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін талап етіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсе­ту тәртібі туралы ақпарат­ты облыстық ішкі саясат басқармасынан (мекен-жайы: Сұл­тан Бейбарыс көшесі нөмер­сіз, 313 кабинет) немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы анықтамалық қызметтен немесе www.mki.gov.kzинтернет-ресурсында «Мемле­кеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінен алуға болады.

«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2014 жылдың 9 айында басқармаға 2 (екі) өтініш келіп түсіп, анықтама берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсе­тіліп, анықтама алған мекемелер Қызылорда облысы аумағында стандартқа сәйкес белгіленген мерзім аралығында шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын заңды түрде таратады.

Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар заңға сәйкес жүргізілетін болады.

Көрсетілген қызмет алушылар тарапынан аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге сәйкес қандай да бір сұрақтар туын­даса, басқарма қызметкерлері әрдайым тиісті консультациялық көмек беруге дайын.

Руслан Рүстемов,

облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.


АҚПАРАТ 25 қыркүйек 2014 г. 678 0