АЙМАҚ-АҚПАРАТ

• Қазалы ауданындағы «Ұшқын» мүгедек­тердің құқығын қорғау және жәрдем беру қоғамдық бірлестігі жанынан ресурстық орталығы құрылған.Жақында орталықта жартылай жетімдер, тұлдыр жетім балалар және мүмкіндігі шектеулі жандар 2 айлық компьютерлік курсын толықтай оқып аяқтады.

• Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ауылдық округінде «Тіл – достықтың тірегі» атты өзге ұлт өкілдерінің арасында аудандық фестиваль болып өтті.Фестивальда өзге ұлт өкілдері ән, би, көркем сөз жанрлары бойынша өз өнерін көрсетіп, қазақтың домбырасымен күй күмбірлетті.

• Жалағаш ауданы бойынша әлеуметтік ұн бағасын тұрақтандыру бағытында тиісті іс-шаралар қолға алынған. Оны жеткізуші операторлар болып белгіленген «Ақниет» және «Қаракөз» көтерме сауда дүкендерінде әлеуметтік 1 келі ұнның бағасы 57, нан бөлкесі 40 тенгеден сатылуда.

• Сырдария ауданы бюджетінің кіріс бөлігі­нің жылдық болжамы сегіз айда орындалды. 2014 жылдың сегіз айының қорытындысымен облыстық бюджеттің кіріс бөлігіне жоспарлы болжам 109,1 пайызға орындалды.

• Облыстық медицина орталығының дәрі­гер-хирургтары Шиелі ауданында 5 балаға ота жасады. Бұған дейін де облыстан дәрігерлер келіп, аудандық хирург дәрігерлеріне тәжірбиелік кө­мек есебінде аудандық аурухана базасында ота­­лар жасалған.


АҚПАРАТ 23 қыркүйек 2014 г. 757 0