ШЕКАРАШЫЛАР МЕРЕКЕСІ

Тасбөгет кенті С.Майқанова атындағы Мәдениет үйінде ел шекарасын күзетіп тұрған 2019 әскери бөлімнің құрылғанына 15 жыл толуына орай салтанатты мәжіліс болып өтті. Оған шекара қызметкерлері мен бөлім жауынгерлері, сала ардагерлері, альтернативалық мектеп оқушылары мен бірқатар шекара қызметкерлерінің отбасы қатысты.

 

Сыр бойы халқының тыныштығы мен мемлекеттік шекара күзетінің мызғымас беріктігін қамтамасыз ететін, шекарашылар мерекесі сахнаға әскери бөлімнің туы әке­лініп, оған қатысушылардың әнұранды шыр­қауымен басталды. Салтанатты шараны 2019 әскери бөлімнің командирі, полковник Владимир Колпаков ашып, кезеңдегі атқарылған жұмыстар мен бөлімнің қол жеткізген табыстарына тоқталды.

– Бөлім Тәуелсіз еліміздің көршілес Өз­бек­станмен 750 шақырымға созылған шека­расын күзетеді. Олардың қызмет атқарар аймағы толықтай құммен көмкерілген. Солай болса да, ел күзетіндегі сақшылар қызметін абыроймен атқаруда, – деді командир өз сөзінде. – Өңір тарихында ерекше қырымен айшықталған осынау он бес жыл көлемінде олар шекара бұзушылардың сан түрлі әрекеттеріне кезікті. Шекараны бұзушыларды тап бастырмай контрабандалық тауарларды ел қазынасына қайтарды. Мәселен, осы кезеңде сырбойылық сақшылар жүзге тарта контрабандалық оқиғалармен жүздесті, 46 млн. теңгенің спиртін тәркілеп, бірнеше нар­кологиялық шөп өсірілген аймақтарды ай­ғақтады. Шекарашылардың қырағылығы нәтижесінде мемлекеттік шекараны бұзушы­лардың әрекеттеріне тосқауыл қойылды.

Бөлім басшысы әскери бөлімнің қазіргі тыныс-тіршілігіне жан-жақты тоқтала ке­ліп, жас шекарашыларды тәрбиелеу, олар­ды ұлтжандылық пен отансүйгіштікке бау­лу барысына шолу жасады. Сонымен қа­тар, саладағы өзінің тындырымды ісімен, қырағылығымен көзге түсіп жүрген озаттар легін, спорттық сайыстарда жүлдегер та­нылған сарбаздарды атап өтті. Алдағы уақыт­та да ел күзетіндегі шекарашылар өздерінің қиын да жауапты міндеттерін абыройлы ат­қармақ.

Салтанатта Тасбөгет кенті әкімінің орын­басары Ерлан Бейсенбаев мерейтой иелерін құттықтап, бірқатар шекарашыларға кент әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ 2019 әскери бөлімнің басшысы үздік қызметімен көзге түскен озаттарды, туған күн иелерін, мерекеге орай өз араларында кі­ші футболдан өткізілген сайыста жүлдегер танылғандарды, сала ардагерлерін бағалы сый­лықтармен, Құрмет грамоталармен мара­паттады.

Шара барысында сөз алған сала арда­герлері мен қонақтар бейбіт еліміздің ше­ка­расын көздің қарашығындай қорғап жүр­ген сақшылардың жақсы істерін атап өтіп, олардың алдағы тынымсыз еңбегіне сәттілік тіледі. Көрермен көңілінен шыққан салтанатты шара бөлім өнерпаздары Қ.Құ­ламқадіров, Қ.Нұрышев, Т.Садуақасов, Б.Та­қаев, "Сыр сұңқары” триосы шырқаған пат­риоттық әндер мен "Сыр сұлуы” би тобы, кент мектебі оқушыларының өнерімен өр­нек­телді.

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.

Тасбөгет кенті.


АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 098 0