« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
«Құс қанаты-Қызылорда» Қоғамдық қоры Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, Сыр өңірі әдеби-шығармашылық жастарын қолдау мақсатында 25 қыркүйек – 25 қараша аралығында әдеби шығармашылық жастарының байқауын өткізеді. Байқау мақсаты – поэзиялық, прозалық шығармалар жазумен айналысатын жастарды іздеу, оларды қолдау, жастардың облыстық, аудандық (ауылдық) әдеби-шығармашылық орталықтарын ұйымдастыру. Байқауға 14-29 жас аралығындағы әдеби шығармашылықпен айналысатын жастар қатыса алады.
Байқау екі кезеңде өтеді: І-кезең. Аудан (ауыл) орта және орта кәсіптік оқу орындары деңгейінде (қыркүйек, қазан айлары). ІІ кезең – облыстық деңгейде 22 қарашада жас ақындар мүшәйрасы және шеберлік сыныптары түрінде өткізіледі. Байқауға қатысу шарттары:
- Өзінің кемінде 3 өлеңін не 1-2 әңгімесін өзі туралы қысқаша мәліметтермен қоса аудандық (ауылдық) ұйымдастыру орталықтарына жолдайды. (Мерзімі 15-қазанға дейін).
- Аудандық іріктеу жиындарынан өткен материалдар10-қарашаға дейін облыстық жас әдебиетшілер байқауына ұсынылады.
Байқау жеңімпаздары марапатталады.
Байқау шарттарымен толығырақ әлеуметтік желілер арқылы танысуға болады.
«Құс қанаты-Қызылорда» Қоғамдық қоры. Shanzharhan-bekm@mail.ru
Байланыс тел.: 8 777 343 48 93.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |