« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жуырда М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы” қауымдастығының мұрындық болуымен үкіметтік емес ұйымдар әлеуетін арттыру мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Онда үкіметтік емес ұйымдар жұмысы және алдағы атқарылатын шаралары мен оны жүзеге асыру жайы қаралды.
Оған "Қазақстан Азаматтық Альянсы” ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов арнайы қатысып, өңіріміздегі үкіметтік емес ұйымдардың тыныс-тіршілігінен хабардар болып, алдағы атқарылар жұмыстардың барысымен таныстырды. Сонымен қатар шараға қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін де тыңдап, қойған сауалдарына жауап берді.
– Әзірленіп жатқан заң жобасына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде болып, ондағы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, бірлесе жұмыс жасап келеміз. Міне, осындай шараның бірі Сыр елінде жалғасын тауып жатыр. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына байланысты көптеген мәселелер бар, бірақ бәрі де ретімен шешіліп келеді. Осы тұрғыда шет мемлекеттерде де болып, тәжірибе алмасу мақсатында жұмыс жасап жатырмыз. Осыған орай жоғары жаққа кейбір ұсыныс жасадық. Негізінен жыл сайын бір тақырып қосып отырамыз, – деді Нұрлан Ерімбетов.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында "Ақбосаға”, "Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі”, "Жігер”, тағы да басқа қоғамдық бірлестердің жетекшілері сөз алып, дайындалып жатқан заң жобасына байланысты ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |