« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
"Бегiм ана” балабақшасында облыстық тілдерді дамыту басқармасының мұрындық болуымен Қазақстан тілдерінің күні мерекесіне орай "Тілді сүю – талбесіктен” атты акциясы болып өтті.
Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, және бүлдіршіндердің ана тіліне деген құрметін арттыру, тіл байлығын жетілдіре отырып, ой-өрістерін дамыту.
Жиынды облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жарылқағанов ашып, балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерді, ата-аналарды және шараға қатысушы қонақтарды айтулы мерекелерімен құттықтап, лебізін білдірді. Тәрбиенің бастауы – балабақша. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдармен жұмыс жасауды күшейтіп, олармен үнемі тығыз қарым-қатынаста болу керек дегенді алға тартты.
Одан әрі көрнекіліктермен безендірілген сахнада балғындар ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, концерттік бағдарламаларын бастады. Түрлі тақырыптағы сахналық қойылымдар қойып, батырлар биін биледі. Енді бірі ана тілі туралы өлең шумақтарын жатқа айтып, ән жырдан шашу шашты.
Сондай-ақ, акция барысында қаладағы "Алтын кілт”, "Алтын ұя”, "Қызғалдақ”, "Балапан”, "Ер Тарғын”, "Ер Төстік” сынды балабақша ұжымдарына облыстық тілдерді дамыту басқармасының атынан оқу әдістемелік кітаптар мен балалардың ой-өрісін дамытуға арналған түрлі тақырыптардағы кітаптар, балғындардың танымдық дүниесін кеңейтуге арналған электронды оқулықтар, дидактикалық құралдар, ертегі жинақтары мен балабақша әдіскерлеріне арналған аудио жинақтарын, әдістемелік құралдары табысталды.
Мұнан кейін шараға қатысушылар "Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінде” болып, игі бастама одан әрі жалғасын тапты. Онда мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен дайындық курсына баратын балаларға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкені табыстады. Балғындардың қуанышында шек болмады. Олар аға, әпкелеріне өздерінің жүрекжарды сөздерін арнап, алғыстарын жеткізді.
Шара соңында балабақша меңгерушілері айтулы мереке қарсаңында осындай ұтымды акцияны ұйымдастырған облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұжымына алғыстарын білдірді.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |