«Электронды үкімет» халыққа қызмет көрсетуде

Облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасына қарасты 10 мұрағат мекемесі «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қыз­мет көрсету регламентін басшылыққа алып, көрсетілетін қызметті жүзеге асырып келеді.

Аталған қызмет жеке және заңды тұлғаларға электрондық нысанда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, халыққа қызмет көрсету орталықтары және баламалы негізде тікелей мұрағат мекемесінде орындалады.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мұрағаттық анықтама алу электронды-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен электрондық сұрау жасаған тұлғаға белгілі болуы тиіс. Ол үшін тұтынушы www.pki.gov порталы арқылы электронды-цифрлық қолтаңба алуға өтінім береді. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеуге және қажетсіз құжат айналымының санын азайтып, қағазбастылыққа жол бермеуге көп көмегін тигізеді.

Тұтынушы www.egov.kz «элек­трон­дық үкімет» веб-порта­лында электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы тіркеледі. «Электронды мем­лекеттік қызметтер» тізімінен «Мұ­рағаттық анықтамалар беру» қыз­метін таңдап, үлгілік бланкіні толтырады. Толтыру барысында тиісті құжаттардың (азаматтың же­ке куәлігі, еңбек кітапшасы, тұ­ты­нушының электронды мекен-жайы, т.б.) сканерленген көшірмесі сұра­лады. Сондай-ақ, толтырылатын бланкте өтініштің мазмұны толық көрсетілуі тиіс. Сол уақытта, яғни бар болғаны 5-10 минуттың ішінде сұраныс мұрағат мекемесіне түсіп, тіркеледі. Регламентке сәйкес, өті­ніш­тің сипатына қарай 12 күн мер­зімге дейін немесе жекелеген жағдайларда 25 күн ішінде жауап сол электронды поштаға жолданады.

2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қыз­­меттер туралы» Заңын жүзеге асы­ру мақсатында 2014 жылдың І жар­тыжылдығында облыс, қала, аудан мұрағаттарына 5777 сұраныс түскен. Оның ішінде ЭҮП арқылы – 1539, ХҚКО арқылы – 3172, баламалы негізде тікелей мұрағат мекемесінде 1066 сұраныс орындалды.

Қазіргі уақытта, мұрағат меке­ме­­­ле­рінің жауапты мамандары ЭҮП арқылы түсетін өтініштер санын көбейту, ал ХҚКО арқылы жә­не баламалы негізде түсетін өтініш санын азайту мақсатында халық ара­сында БАҚ арқылы және ауызша түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гізіп келеді.

Р.ТІЛЕПОВА,

Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары.


АҚПАРАТ 13 қыркүйек 2014 г. 937 0