БАБА АУЫЛЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК

Халқымыздың дарабозұлы Жанқожа батыр ауылында көркейту – көгалдандыру, тазалық сақтау шарасына баса мән беріледі. Елді мекенге қадам басқаннан жайқалған жасыл желекті көресіз. Бұл ат арқасындағы азаматтардың ұйымдастырушылық қабілеті, жұртшылықтың ынтымақ-бірлігінің жемісі.

Қоңыр күз туысымен ауылдағы тазалық жұмыстары қарқын алды. Игілікті қадамнан ешкім қалыс қалған жоқ. Үлкен де, кіші де белсенділік танытты. Су жүретін арықтар тазартылды. Талдар­дың түптері әктелді. Жасыл белдеулерге күтім жа­салды. Ауыл төлқұжаты сырланды. Қоқыстар арнайы орынға шығарылып, көмілді. 120 адам қатысқан сенбілікте барлық көше, аялдамалар, мекеме аулалары реттелді.

– Жанқожа бабамыздың мерейтойы қарсаңында ауылда керемет жұмыстар жүруде. Әсем нысандар бой көтеруде. Соның бірі – балабақша құрылысы. Бұл көптен бергі арманымыз еді. Жүзеге асатын болғанына шексіз қуаныштымыз, – дейді Арық­ба­лық ауылдық округінің әкімі Қайрақбай Орын­басаров.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы,

Жанқожа батыр ауылы.


АҚПАРАТ 11 қыркүйек 2014 г. 805 0