« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Семинар-кеңесті басқарма басшысы Ә.Жарылқағанаов ашып, ономастика саласындағы өзгерістер жайлы таратып айтып берді. Одан соң ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бөлімінің басшысы А.Әбжәлиеваның баяндамасы тыңдалды.
Мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыты саналатын ономастика саласында өзгеріс көп. Соның бірі, нысандарға атау беру бойынша «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №395 қаулысы. Сонымен қатар, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасы» туралы 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулы қабылданып, қолданысқа енгізілді.
Семинарда көтерілген мәселеге байланысты Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Б. Боранбай өз пікірін айтты.
Шара барысында ұлттық ономастика жүйесін одан әрі дамытудың негізгі қағидаттарын айқындау мәселесі де талқыланды.
Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |