« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ежелден өрісі кең диқаншылар ауылы. Екі жарым мыңға жуық халқы бар елді мекенге жаңадан типтік жобадағы 50 орындықты емхана салынып жатыр. "Атамекен” серіктестігі наурыз айында құрылыс жұмыстарын бастаған болатын. Бүгінде емхананың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, әрлеу және медқұрылғылар орнату жұмыстары ғана қалды. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері Бақытжан Нысанбаевтың айтуынша, емхана толығымен қыркүйек айының ортасына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жаңа нысанның бірі аудан орталығында салынып жатқан орталық аурухана. Құрылыс жұмысын "ҚазҚұрылыс Сервис” ЖШС жүргізіп жатыр. Жоба құны – 1,5 миллиард теңге. Былтыр наурызда қолға алынған нысан қазан айында берілмекші. Сондай-ақ, ескі 120 орындықты орталық аурухана биыл күрделі жөндеуден өткізілуде. 1986 жылдан бері дұрыс жөндеу көрмеген аурухананың қазандығы мен кәріз жүйелері жаңартылып, ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.
Байқоңыр қаласымен іргелес жатқан Төретам және Ақай елді мекенінде 17 мыңға жуық халық тұрады. Ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында былтыр Төретам кентінде 100 орындықты жаңа емхана пайдалануға берілді. Барлық бөлімдері талапқа сай, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Аудандық аурухананың сала мамандары кезегімен келіп тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді.
Ақай ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жоспарға сай қыркүйек айының 20 жұлдызында іске қосылмақшы. Емхана әрі дәрігерлік амбулатория штаттық кестеге сай білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Мамандар қатарында "Дипломмен – ауылға” жобасы аясында 3 жас дәрігер бар.
Ал, Байқоңыр қаласынан аудан орталығына келіп көрінетін науқастар саны санаулы. Бірақ, кейбір науқастар Байқоңырда тегін дәрілерге қол жеткізе алмауына байланысты Төретам емханасына келіп тіркелуге мәжбүр. Сондай-ақ, ғарышты қалаға жұмыс бабымен қоныс аударғандар қазақстандықтар Ақай, Төретам емханасына тіркеліп, тиісті медқызметті пайдаланады.
Бұл мәселе жуырда шешімін табады. Өйткені, Байқоңыр қаласында көпсалалы емханасы бар аурухана жыл аяғына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Ол облыстық медициналық орталықтың филиалына айналмақшы. Бұл, қос мемлекеттің өзара келісімі арқылы тұрғызылып жатқан нысан. Келер жылдан бастап Байқоңыр тұрғындары медициналық қызметті осы орталықтан толық пайдалана алатын болады.
Облыс әкімінің іс-қимыл жоспарына сай аймақта денсаулық сақтау саласына қарасты емхана-аурухана мекемелерінің құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары 2016 жылға дейін толық аяқталады. Денсаулық сақтау саласындағы жаңа нысандардың бір парасын БАҚ өкілдері көңілдеріне түйіп қайтты.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |