« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Саламатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортқа тұрғындардың ынтасын ояту мақсатында елімізде 1999 жылы қыркүйек айында республикалық Денсаулық фестивалі ұйымдастырылған болатын. Сонан бері бұл шара еліміздің барлық өңіріндедәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мәселен, 2003 жылы «Өмір – Қозғалыс – Денсаулық» ұранымен ұйымдастырылған акцияға бір сәтте 5 млн-дан астам қазақстандық қатысып, денешынықтыру жаттығуын жасаған болатын. Сөйтіп, бұл республикада ғана емес, сонымен бірге әлемде теңдесі жоқ оқиға ретінде бағаланып, Гиннестің рекордтар кітабына тіркелген. Оған қоса Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының арнайы сыйлығымен марапатталған еді.
Биылғы фестиваль да өзіне сай нақышпен өткізілді. Атап айтқанда, Тасбөгет кентінен орталық алаңға дейін велошеру ұйымдастырылып, гимнастикалық жаттығулар жасалды, жастар флеш-мобы да көпшіліктің назарын аударды. Акция барысында сондай-ақ, орталық алаңда арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру секілді спорттық ойындардан сайыстар өткізіліп, оқушылар арасында сурет байқауы жүргізілді. Фестивальді тамашалауға келген қызылордалықтар арнайы құрылған медицина қалашығындағы мамандарға қаралуға мүмкіндік алды. Ол жерде қаладағы емханалардың мамандары қажетті кеңестер беріп, медициналық тексерулер жүргізді, ақпараттық-танымдық материалдар таратты. Тұрғындардың бірі салмағын өлшетіп жатса, енді бірі қан қысымын тексертуде.
Фестивальда облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қызылордалықтарды Денсаулық күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Құрметті қызылордалықтар, қала қонақтары! Сіздерді бүгінгі Денсаулық күнімен шын жүректен құттықтаймын. Саламатты өмір салтын дамыту – біздің мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Осы орайда 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бағдарлама барысында елімізде, оның ішінде біздің өңірімізде де ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, тұрғындар денсаулығын қорғау, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, бұқаралық спортты дамытуда біздің облысымызда атқарылып жатқан игілікті істер жетерлік. Бүгінгі мына Денсаулық фестивалінің өзі осы сөзіміздің дәлелі. Денсаулық күні тағы да құтты болсын,– деп жылы лебізін жеткізді.
Өз кезегінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Әбдібаев жастарды белсенді өмір сүруге, саламатты өмір салтын ұстануға шақырып, ақ батасын берді.
Соңында «Салауатты колледж», «Салауатты өмірдің жаршысы», «Саламатты ұстаз», «Саламатты ұрпақтың тәрбие ұясы», «Ұрпақтар сабақтастығын жалғаушы», «Саламатты жастардың жанашыры» номинациялары бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын өңірімізде жүзеге асыруда белсенділік танытқан мекемелер мен елеулі үлес қосып жүрген азаматтар облыс әкімі орынбасарының сертификатымен марапатталды және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен бірге, спорттық сайыстардың жеңімпаздары анықталып, оларға фестивальдің арнайы дипломы және сыйлықтар табысталды.
Шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айнұр БАТТАЛОВА.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |