« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:
шағын кәсіпкерлік субъектісі;
орта кәсіпкерлік субъектісі;
ірі кәсіпкерлік субъектісі;
және мынадай номинациялар бойынша беріледі:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).
«Еңбек саласындағы үздік кәсіпорын» номинацисында еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады»;
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады».
Материалдардың құрамында:
1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі, DVD дискілердегі материалдар, альбомдар, брошюралар, басқа да қосымша құжаттар болуы мүмкін).
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, өтінімдерді беру мерзімі - 2014 жылдың 1 қазанына дейін, материалдар қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Б.Асқар көшесі, 47 үй, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 20 каб. тел. 270206.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты Министрліктің www.pariz.kz және www.Enbek.gov.kzсайттары немесе (87172) 74-35-11 телефоны арқылы алуға болады.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |