11-сынып түлектеріне аттестат қашан тапсырылады?

11-сынып түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 «Жыл сайын бұл іс-шара маусым айының ортасында өткізілетін. Бірақ мектеп бітірушілері үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін және ҰБТ-ға қашықтан дайындалу қажеттілігін ескере отырып, бұл іс-шараны маусым айының басынды өткізу туралы шешім қабылдадық. Іс-шара аясында салтанатты түрде аттестаттар тапсырылып, 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады», - деп мәлімдеді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі парақшасында.
 Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық ауада, қонақтарсыз, тек түлектердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады. Сондай-ақ, салтанатты бөлімнен кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады. Бұдан бұрын хабарланғандай, 3-4 маусым күндері Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау шарасы өтеді.


АҚПАРАТ 11 мамыр 2020 г. 513 0