Серуендеу кезіндегі негізгі талаптар түсіндірілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аулада серуендеу кезінде ұстанатын негізгі ережені түсіндірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның сөзіне қарағанда, көшеде 3 адам артық топтасып жиналуға тыйым салынады. Бұл жерде отбасы мүшелері саналмайды. Ата-анасының біреуі немесе 18 жастан асқан туысы қасында болмаса кәмелетке толмаған балалар аулаға шыға алмайды.
«Серуенге шыққан тұрғындарда медициналық маска мен қолғап болуы тиіс, сондай-ақ жеке куәлігі болуы керек», - деді Б. Мәке Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар қала тұрғындарына тұрғын үй маңындағы аулада сағат 06:00-ден 20:00-ге дейінгі аралықта серуендеуге рұқсат етіледі. Бұл тұрғыда міндетті санитарлық нормаларды ұстану керектігі айтылды. Осы орайда егде жастағы адамдарға (65 жастан асқан) әрі созылмалы ауруы барларға аса қажет болмаса, көшеге шығудан тартынуға кеңес берілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда тұрғындарына 27 сәуірден бастап аулаға шығуға рұқсат етілді.


АҚПАРАТ 28 сәуір 2020 г. 229 0