Биыл Астана күні қалай тойланады?

COVID-19 пандемиясына байланысты елімізде биыл Астана күні қалай тойлануы мүмкін? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әлбетте бұған дейін астанамыздың мерекесі аясында көптеген концертті жоспарлаған едік. Ендігі кезекте елдегі карантинге байланысты жағдай қалай болады – соған қарай жоспар жасаймыз. Әйтсе де қала тұрғындары мен меймандарын офлайн жобалармен қуантамыз деген ойдамын. Әлбетте онлайн-режимдегі жобалар да көп болады. Астанамыздың мерекесіне орай мәдени шараларды лайықты деңгейде даярлайтынымзды айтқым келеді», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
 Айта кетсек, бұған дейін Ақтоты Райымқұлова 3D форматында экскурсия ұсынатын еліміздегі музейлер мен ескі қалашықтарды атаған болатын.


АҚПАРАТ 24 сәуір 2020 г. 280 0