Күн 33 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК 18-20 сәуір күндергі ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтары Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады. Осыған орай, найзағай, екпінді жел және жаңбыр күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы солтүстікте +20...+28 жылыға дейін, ал оңтүстікте +25...+33 жылыға дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің мәліметінде.


АҚПАРАТ 17 сәуір 2020 г. 361 0