ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – КӘСІПОРЫН ЖЕТІСТІГІНІҢ КЕПІЛІ

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен "Ұжымдық шарт жасасудың маңызы” тақырыбында семинар болып өтті. Оған бірқатар мекеме басшылары мен тиісті сала қызметкерлері қатысты.

Ұжымдық шарттың маңы­зын түсіндіру бағытындағы наси­хаттық-ақпараттық жұмысты арт­ты­ру мақсатындағы семинарды об­лыстық индустриялық-инно­ва­циялық даму басқармасы басшы­сының орынбасары Жолмырза Ела­ман ашып, жүргізіп отырды.

 

Жалпы, ұжымдық шарт ұйым­дағы әлеуметтік-еңбек қатынас­тарын реттейтін, қызметкерлердің уәкілеттік берілген өкілдері арқы­лы олардың ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша ке­лісім нысанындағы құқықтық акт болып табылады. Яғни, ол қыз­меткер мен жұмыс берушінің өзара міндеттерін қамтиды, соны­мен бірге еңбек даулары мен жан­жалдарға қатысты жұмыс беруші және қызметкерлер ұжымының мүд­делерімен келісуге мүмкіндік бе­реді. Мәліметтерге сүйенсек, ағым­дағы жылдың бірінші шілде­сінде облыста 6005 мекеме бар, соның ішінде ірі субъекті – 85, орташасы – 576, шағыны 5346-ны құрайды. Осылардың 4407-сі ұжымдық шарт жасасқан, ал 1598 мекемеде ол жоқ. Мамандардың ай­туынша, олардың дені ауыл ша­руашылығы, құрылыс саласына қа­тысты жеке мекемелер болып отыр.

 

Басқосуда облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Салтанат Нұр­жанова ұжымдық шарт жасасудың тиімділігі мен маңызы, жасалу тәртібі жайында жан-жақты баян­дады. Сондай-ақ, еңбек қаты­насында туындайтын дау-жан­жал­­дар, оны реттеудің жолдары турасында да әңгімеленді.

 

Семинар соңында сұрақтар қойы­лып, ой-пікірлер ортаға салынды.

 

Айнұр БАТТАЛОВА.

АҚПАРАТ 21 тамыз 2014 г. 985 0