Қазақстанда 50-інші адам індеттен жазылып шықты

Елімізде коронавирус індетінен 50-інші адам жазылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
 «Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Бүгін сағат 14.00-ге дейін елімізде жалпы 50 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 27, Алматы қаласында – 21, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1 пациент», - делінген ақпаратта.


АҚПАРАТ 07 сәуір 2020 г. 147 0