АҚБӨКЕН АТҚАНДАР АЙЫП ТӨЛЕЙДІ

Арал аудандық соты ақбөкен аулаушыларға қатысты бес қылмыстық іс қарады.

Елімізде ғылы­ми мақсаттан бас­қа жағдайда ау­лау­ға тыйым са­лын­ған бейкүнә жа­ну­арлардың көзін жой­ған сегіз аңшы жазаға тартылды. Өз кінәларын мой­ын­даған сотталу­шы­лар келтірілген шығынды төлейтіндеріне келісім берді. Сот олардың алғаш рет қылмысқа барғандарын ескеріп, бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды. Бұл азаматтар енді мемлекет пайдасына 3 млн. 611 мың теңге төлейтін болды.

Браконьерлердің сөздеріне қарағанда, аңшылықпен түрліше айналысқан көрінеді. Тіпті біреуі киікті пышақпен аулапты...

"Шымкент-Самара” тас жолының солтүстік бетіндегі "Ар­қар” ескерткіші жанында жүрген жануарларға жеткен ол ізге түседі. Қаһарлы қыстан әзер шыққан киіктің бірі көз алдында өлсе, әлсіздіктен құлап түскен екіншісін бауыздап алады. Осылайша үйіне олжалы оралған аңшы "Охотзоопром” РМК қызметкерлерінің құрығынан құтыла алмады. Енді оның мемлекетке келтірген залалы үшін 740 мың теңге төлеуіне тура келеді.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.


АҚПАРАТ 19 тамыз 2014 г. 705 0