« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сәрсенбі күні Сырдария ауданының спорт нысандарын аралап көруге арналған пресс-турға қатысты. Оны облыстық ішкі саясат пен спорт басқармалары ұйымдастырды.
Аймақ журналистері сапарды аудан орталығындағы жаңадан салынған спорт кешенінің жұмысымен танысудан бастады. Мамыр айының басында пайдалануға берілген нысан құрылысын облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «Айдана» ЖШС мекемесі жүргізген. Қазіргі таңда бұл спорт ғимаратын №11 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне беру жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.
Пресс-тур бұдан әрі Шаған ауылында жалғасты. Өткен айда мұнда да жаңа спорт кешені іске қосылған. Спорттық нысанды Сырдария аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша, «АОС» ЖШС компаниясы салған. Ал бұл ғимарат алдағы уақытта №12 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне берілмек.
Келесі кезекте Н.Ілиясов атындағы ауылға жол түсті. Онда құны 279 миллион теңге болатын стадионның құрылысы жүргізілуде. Мамыр айынының басында басталған құрылысқа облыстық бюджеттен 180 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал қалғанын облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев өз қаражаты есебінен қаржыландыруды міндетіне алып отыр. Яғни, тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болса, мердігерлікті «АбзалПроектКонсалтинг» ЖШС атқаруда. Жоба бойынша, 1134,70 шаршы метрлік спорт кешені және стадион, жүгіру алаңы, трибуна салынады. Дәлірек айтсақ, стадионда көлемі 5400 шаршы метрлік футбол алаңы, 5 жолақты жүгіру жолы болады және биіктігі 40 мм жасанды шөп төселеді. Мердігер мекеме құрылысты 8 айдың ішінде салып бітірмек.
Осылайша, Сырдария ауданында спорттық нысандардың жетіспеушілігі мәселесі ретімен шешіліп келеді және соның арқасында балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу шаралары жолға қойылуда.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |