« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жуырда "Сыр медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты болып өтті.
Баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Сағынбек Өмірзақов министрліктің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына, ҚР ТЖМ-нің операциялық жоспарының орындалуын және департаменттің 2014 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысына кеңінен тоқталды.
– Өңірімізде орын алған әрбір төтенше жағдайлардың алдын алу мен тиісті шешім қабылдап, жұмыс жасау – біздің құзырымызда. Оның ішінде өрт, авариялық-құтқару, Сырдария өзенінің арнасын бақылау және су айдындарындағы төтенше жағдайларға байланысты арнайы комиссия құрылып, жоспарға сәйкес жұмыс атқаруда. Биылғы тосын оқиғаның бірі қардың қалың түсуіне байланысты Қаратаудан аққан су халықты әбігерге салғаны жасырын емес. Алайда, Жаңақорған ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты тиісті шаралар қолданылып, дер кезінде алдын алу жұмыстары жүргізілді,-деді департамент басшысы С.Өмірзақов.
Негізінен осы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша 43 төтенше жағдай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен. Дегенмен, зардап шеккендер саны – 83,6, қаза болғандар саны 3,6 пайызға өскен.
Облыстағы өрт мәселесінің алдын алу шаралары да қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, биыл облыс бойынша 230 өрт оқиғасында 4 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған. Осы тұрғыдан өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтамай, талаптарын бұзған 423 жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Сондай-ақ, облыстағы авариялық-құтқару қызметтері осы уақытқа дейін тіркелген 505 оқиғаға байланысты тиісті жұмыстар жүргізді. Оқиға барысында 331 адам құтқарылып, 62 адамға медициналық көмек көрсетілген.
Жалпы, Сырдария өзенінің суын қауіпсіз өткізу мақсатында және қорғаныс бөгеттерін нығайту негізінде барлығы 452 млн. теңге қаражат бөлінді. Ал, "Космостық зерттеу және технологиялық ұлттық орталығы” АҚ-мен келісімге келіп, наурыздан бастап облыс аумағында мониторинг өткізілуде.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» күре жолында орын алып жатқан жол-көлік оқиғаларына байланысты зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету үшін арнайы медициналық құтқару бекеттері жұмыс атқарып келеді.
Шара соңында журналистер сауалдарын қойып, оған тиісті жауап ала білді.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |