« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасы жоғары болуы тиіс. Ал ел тұрғындарының біраз бөлігі ауылдық жерлерде тұрып жатқаны белгілі. Олай болса, ауыл тұрғындарының да игіліктерден қалыс қалмағаны жөн. Осы орайда, елді мекендерді көркейту, ауылда сапалы тұрмыс жағдайын жасауды көздейтін "Нұр Отан” партиясының "Біздің ауыл” атты жобасын ерекше атап өтуге болады.
Ауылдың жағдайын көтеруге арналған мемлекеттік бағдарламалар баршылық. Ауылдың іскер азаматтары, жергілікті кәсіпкерлер осы бастамаға өз үлесін қосып жатса, жақсылықтар еселене түсетіні даусыз. Қызылорда облыстық филиалы жоба аясында осындай ауыл азаматтарының тамаша бастамалары мен өнегелі істерін үлгі етуді мақсат етіп қойған. Облыс орталығының іргесіндегі Кеңес Одағының батыры Жақыпбек Махамбетов атындағы ауыл Ақсуат ауылдық округінің орталығы саналады. Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты бұл ауылда жергілікті азаматтардың өзегелерге үлгі етерлiк жарқын істерi жетерлік.
"Нұр Отан” партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың фракция жетекшісі Мақсұт Баекеев бастаған топ әуелде ауыл шетіндегі газ құю бекетінде болды. Қалалық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Мейрамбек Есжанов ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз ету мақсатында осы нысанды тұрғызып, жұмысын жолға қойыпты. Бір атап өтерлігі, мұнда облыс орталығындағы басқа газ бекеттерімен салыстырғанда баға арзан әрі тұрғындар алысқа сабылмайды. "Тағзым” алаңында майданда ерлікпен қаза тапқан майдангерлермен қатар, бейбіт өмірде ерен еңбектің үлгісін көрсеткен жерлестер есіміне дейін түгел енгізіліпті. Алаңды түрлендірген кәсіпкер жігіттердің қатарында М.Есжанов та бар. Тек Мейрамбектің өзі бұл іске 1 млн. 200 мың теңге салған.
Ашылғанына бірнеше күн болған "Нұр-Сәби” балабақшасы балалардың шат күлкісіне бөленіп үлгеріпті. Ауласы гүлмен көмкерілген, 50 балаға арналған балабақшада тәрбиеленушілерге барлық қажеттіліктер қарастырылған. Балабақша меңгерушісі Манат Табынбаева көптен ойға алып жүрген жоспарының іске асқанына қуанышты екенін жеткізді. Ж.Махамбетов ауылында қазіргі күні 40 сауда орны болса, соның ең үлкені – «Азамат» сауда үйі де Манаттың еңбегінің жемісі.
Орталық көше бойында екі қабатты ғимарат құрылысы жүріп жатыр. Ауыл әкімі онда тіс емханасы мен дәріхана орналасатынын айтты.
– Оны салып жатқан кәсіпкер Махмұт Есенкелдиев. Тасбөгетте тіс емханасының жұмысын жолға қойған стамотолог біздің өтінішіміз бойынша осы ғимаратты тұрғызып жатқан жайы бар, – деді ауыл әкімі осы ретте. "Тағзым” алаңын тұрғызған кәсіпкерлердің енді алдағы уақыттары ауыл орталығында субұрқақ пен балалар спорт алаңын жасап берсек деген жоспары бар екен. Ауылдағы "Әлі Арыстан” мешітін кәсіпкер Шәрікүл Иманбердиева салдырған екен. Қазір басқа өңірде тұрып жатса да, мешіттің барлық шығынын және имамның жалақысын көтеріп отырған көрінеді. Мешіттегі имам Астанадағы "Нұр Астана” мешітінде арнайы оқып келген ауылдың азаматы. Ол жастарды имандылыққа тәрбиелеу бағытында жұмыс жүргізуде.
– Әдетте, ауылды азаматына қарап таны дейді. Ал мен азаматына қарап, ауылын таны дегенге тоқталар едім. Мұндай игілікті істерді бүкіл облысқа өнеге еткен артықтық қылмайды.
Бұл – топ құрамындағы партия ардагері Сайлаубай Әбішевтің жүрекжарды лебізі. Оны М.Баекеев те қоштап, қалалық мәслихаттың партия фракциясы ауыл тұрмысына үнемі назар аударып отыратынын, ал депутаттардың ауылды қолдауға әрқашанда ынталы екенін баса айтты.
– Ауылдан шыққан кәсіпкер туған жерін сүймесе, жерлестеріне қамқорлығын көрсетпесе, несі азамат. Елдің басын біріктіру – тек әкімнің ғана міндеті емес, қоғамға ортақ жауапкершілік. Мұндайда ардагерлерге артылар салмақ та аз болмаса керек. Ауылға бет бұрған іскер азаматтарға қолдау көрсетіп, жақсы істеріне тілеулестік жасап, батасын беріп отырамыз. "Біздің ауыл” жобасын баршамыз қолдаймыз және оны жүзеге асыруға тиістіміз. Бұл – елге танымал ардагер-педагог Батырхан Остаевтың пікірі. Ауыл мектебін 40 жыл басқарған ұстаз ауыл маңынан 115 гектар жерді жалға алып, төрт түлікті өрбіткен ақсақал алыстағы немерелерін жинап, еңбекке баулып отыр екен. Біздің келуімізге орай, қатарлас ардагерлерді шақырып, қымызмұрындық ұйымдастырып қойыпты. Балдай тәтті қымыздан дәм татып, сары майға бұқтырған таба нанның дәмін таттық. Дастархан басында ақсақалдар ауылдағы берекелі істерге көңілдері толатынын айтып, азаматтарға ізгі тілектерін арнады. Батасын беріп, елдің амандығын, заманның тыныштығын тіледі.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |