Қолжетімді «iPhone»

«Apple» компаниясы ақпан айында бюджеттік «iPhone» шы­ғаруға кіріседі. Компания жаңа телефонды наурыз айында шығаруды жоспарлап отыр. Мәлімдеуінше, оның сыртқы келбеті экран диагоналы 4,7 дюймді «iPhone 8»-ге ұқсас болады.
Бюджеттік «iPhone» шы­ғару арқылы «Apple» компаниясы мобильді құрылғылар нары­ғындағы өз үлесін кеңей­туді жоспарлап отыр. Еске сал­сақ, былтыр қарашада «Apple»-дің бас дизайнері Джонатан Айв компаниядан кеткен болатын. Ол компанияда 1992 жылдан бері жұмыс істеп, 1996 жылдан бастап құрылғылардың сыртқы бейнесіне жауап беріп келген.
АҚПАРАТ 31 қаңтар 2020 г. 231 0