« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті қылмыстарды есепке алумен қатар олар туралы мәліметтердің азаматтарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарып келеді.
Солардың бірі, қылмыс туралы арыздар бойынша қабылданған шешімдер туралы жәбірленуші үйінде отырып ақ мәлімет алуы үшін электрондық жүйені қолданысқа енгізді.
ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген нұсқаулық талаптарына сәйкес, кез келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы түсіп жатқан өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар жасалған орнына, уақытына, тергеуде болуына, сонымен қатар хабарланатын мәліметтердің толықтығына және ұсынылу түріне қарамастан, кез келген қылмыстық қудалау органында қабылданады. Кезекші бөлімдері бар қылмыстық қудалау органдары өтініштерді тәулік бойы қабылдайды.
Органға, соның ішінде учаскелік инспекторға тікелей жүгінген өтініш берушіге, бірегей нөмірлі талон-хабарлама беріледі. Талон-хабарлама екі бөлімнен: өтінішті, хабарламаны тіркеген қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарламаның түбіртегінен, сондай-ақ өтініш иесіне берілетін жыртылмалы талон-хабарламадан тұрады.
Жыртылмалы талон-хабарламаның екінші жағында Интернет-ресурстың мекенжайы: http://service.pravstat.kz, телефон нөмірлері: 1012 (SMS-сервис), 8 800 080-7777 (стационардан), 1414 (ұялыдан) көрсетілген, осы телефондар арқылы өтініш иесі тиісті ақпаратты және өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органының телефонын ала алады.
Әділ ҚАЛЫБЕКОВ,
Қызылорда қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі
статистик-бас маманы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |