ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ОРАЙ

2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына қатысатын үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» облыстық газеттерінде баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі жайлы АҚПАРАТ

«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі қарай – БАҚ меншік иесі) 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына қатысатын үміткерлерге «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» облыстық газеттері мерзімдік баспа беттерінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін ҚР Заңдарына сәйкес орын береді.

Үгіт материалдары газет беттерінде ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес баспасөзде жарияланады.

Үгіт материалдары басылымда жарыққа шығарылу күніне 3 жұмыс күні қалған мерзімге дейін берілуі тиіс.

Баспасөзде ақпараттық үгіт материалдарын орналастыру құны қосымша құн салығын (ҚҚС) қоса есептегенде 1 шаршы сантиметрге – бірінші бетке (түрлі-түсті) орналастыру үшін – 650 теңге; ішкі бетке – 325 теңге; соңғы бетке – 390 теңге.

Баспасөзден орын беру тәртібі мен шарттары туралы толық мәліметті газеттің электронды сайтынан таба аласыздар www.syrboyi.kz

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес сайлау науқанына қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін сондай-ақ «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты облыстық «Ақмешіт жастары», Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы», Арал аудандық «Толқын», Қазалы аудандық «Қазалы», Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы», Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы», Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы», Шиелі аудандық «Өскен өңір», Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газеттерінен (таралу тілі – қазақша, орысша) орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер.

 

Жарияланымның 1 кв/см құны:

1 бетке – 650 теңге

Ішкі беттерге – 325 теңге

4-бетке – 390 теңге.
АҚПАРАТ 07 тамыз 2014 г. 929 0