« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Өткен аптада Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесе дайындаған педагог кадрлардың біліктілік арттыру деңгейлік бағдарламасы бойынша курстан өткен мұғалімдерге сертификат тапсыру жиыны өтті.
"Назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда филиалы 2012 жылғы желтоқсан айында ашылғаннан бері аталмыш орталық пен Кембридж университетінің білім беру факультеті бірлесе әзірлеген қазақстандық педагогтарға арналған біліктілік арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастырып келеді. Былтыр үш деңгей бойынша облыстың 326 педагогы біліктіліктерін арттырса, биыл 317 мұғалімнің біліктілігін арттыру жоспарланған екен.
Филиалдың материалдық базасы мұғалімдерге арналған интернет ресурстармен, ақпараттық-коммуникативтік техникамен, оқу-әдістемелік нұсқаулықтармен, үлестірме материалдар және оқуға қажетті кеңсе құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Елді мекендерден келген тыңдаушыларға арнайы стипендия бөлінген. Әрбір тыңдаушы үш әдістемелік оқулықпен қамтамасыз етіледі.
Филиал директоры София Камалованың алғы сөзімен ашылған салтанатты жиында "Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру” курсын бітірген 20 мектеп директоры мен бірінші деңгей бойынша курстан өткен тоқсанға тарта ұстазға сертификаттар табысталды.
Сөз кезегін алған Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов филиалмен өзара іскерлік байланыс орнатылып, университет оқытушы-профессорлары тарапынан барынша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Жиын барысында мінберге көтерілген Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев, Арал қаласындағы №220 мектеп директоры Күләйша Сүлейменова, облыс орталығындағы №217 мектеп директоры Жанат Сәдуақасова, №264 мектеп-лицей мұғалімі Қалдыгүл Берманова аталмыш курстың тиімділігіне тоқталды.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |