Отын қорының көлемі талаптарға сай

Жаңа жылдық мерекеге орай «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК энергия өндіруші ұйымы Қызылорда қаласында жылу энергиясын тұтынушыларды орталықтандырылған энергиямен жабдықтауды белгіленген тәртіпте жүргізіп, су температурасы бойынша ±3% аспайтын деңгейде электр станциясының бас қақпасының артына берілген режимнен ауытқуды қамтамасыз етті. Нәтижесінде жылу желілеріндегі желілік судың бекітілген температуралық кестесі сақталды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы жылу энергиясын тұтынушылар энергия көздерінен – ЖЭО (жылу электр орталығы), Оңтүстік қазандықтан, «Белкөл» қазандығынан, АБМК №1,2,3,4,8,9,10,11,12,13,14,15,16 жылумен қамтамасыз етілді.
ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті 6 қаңтарда сыртқы ауаның орташа температурасы -2 градус болғанда жылу желісіне су беру температурасы 61°С, кері су 49°С құрады. Жылу желілерінде белгіленген температуралық кесте кезінде 60 °С мен 48°С болды.
Көрсетілген барлық энергия көздеріндегі пайдаланылатын отын қорының көлемі талаптарға сәйкес келеді.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
 Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 
Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ
АҚПАРАТ 13 қаңтар 2020 г. 273 0