АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДА – “АЛАШ ЖОЛЫ”

АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДА  – “АЛАШ ЖОЛЫ”

Сыр өңірінің ақпарат кеңістігіне жаңа басылым келіп қосылды. Оның аты – "Алаш жолы”, директор-бас редакторы Нағымжан Сауяев. Жаңаның аты жаңа, назар ау­дарған едік. Жаңа газеттің алғашқы са­ны көңілімізден шық­ты. Ең бас­ты­сы, басылым ә де­геннен өзінің б­а­­­­­ғыт-ба­ғдарын ай­­­қын­дап алған сыңайлы. Бұлай деп түйін түюіміздің де себебі га­­зет-журнал жетіп артылады. Солардың дені дерлік әйтеуір ақ­па­рат құралдарының қатарында жүргеніне мәз. Басылымның мақ­сат-мұраты не, бағыты қайсы, бағдары қайсы, оқырманына айдар тағып айтары не, қандай мәселені көтермекші? Міне, мұндай сауал­дарға қайтарар жауап жоқтың қасы. Қарнымыздың ашатыны да содан. Ау, қолға түскенді қосақтап жариялай бергеннен қандай абырой күтуге болады...

"Алаш жолы” газетінің алғашқы саны "Ел мүддесін бәрінен биік қойсақ...” деген алғы сөзбен ашылады. Онда алаш деген сөзге анықтама беріледі. Алаш сөзі халық деген мағынаны білдіретіні айтылады, кезінде осы аттас партия болғаны, "Алашорда” үкіметі құрылғаны еске алынады. Осы орайда жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың "Алаш идеясының ғұмыры ұзақ” атты мақаласы тақырыптың айдынын асырып, мазмұнын тереңдете түседі. Ал Серік Жолдасбайдың "Алаш арыстары айтқан сөз” атты мақаласы көптің көкейінде жүрген ой-пікірлерге қозғау салары сөзсіз.

Жаңа басылым өз оқырмандарын ұлтжанды болуға, әрбір қазақ отбасындағы тәрбиенің ұлттық рухпен ұштастырыла жүргізілуіне шақырады. Осы орайда марқұм, ақындар Темірше Сарыбайұлы мен Сейіл Боранбайұлының өлеңдері оқырманға ой тастайды.

Сонымен маңдайы жарқыраған жаңа басылым дүниеге келді. Оның алдағы күндерде алған бағытынан айнымай, өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөлене беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Ә.БӘТЕШОВ.


АҚПАРАТ 05 тамыз 2014 г. 1 317 0