« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы 2014 жылдың І жартыжылдығында барлығы 103 бақылау нысанын бақылаумен қамтыды.
Бақылаумен қамтылған қаржы көлемі 24 431 618,7 мың теңге. Оның ішінде жергілікті бюджет қаржысы 20 987 201,6 мың теңге, республикалық бюджет қаржысы 3 444 417,1 мың теңге.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 9 875 906,3 мың теңге. Оның ішінде қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар көлемі 6 123 322,1 мың теңгені құраса, есепті кезеңге қалпына келтірілгені 2 526 314,5 мың теңге, оның 78 846,2 мың теңгесі ақшалай түрде бюджетке өтелді, 2 447 468,3 мың теңгесі жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілген.
Құқық қорғау органдарына 4 сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау материалдары жолданды. Нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бір лауазымды тұлғаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі бірнеше рет орын алып, құқық бұзушылықтары анықталуына байланысты ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 204-бабына сай заң бұзушылықты жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөнінде ұсыныс жолданған.
Жолданған материалдың біреуінде лауазымды тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс құрамдары жоқ деп табылып, ісі қысқартылса, тағы бір материал бойынша 1 лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделмеген артықшылықтар көрсетілгендігі байқалғандықтан облыстық прокуратураға жолданып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
2014 жылдың І жартыжылдығында 2 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып сот органдарына жолданды. Оның біреуі қысқартылып, 1 лауазымды тұлғаға айыппұл салынған.
Сонымен қатар 57 лауазымды тұлғаға тәртіптік шаралар қолданылған.
2013 жылдың І жартыжылдығы мен 2014 жылдың І жартыжылдығында анықталған бұзушылықтар көлемін салыстырғанда, 2014 жылдың көрсеткіштері төмендегені байқалады.
М.САТЛАБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша
тексеру комиссиясының мүшесі.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |