« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылордалық теміржолшылар бір күнде қос қуанышты – Көлік қызметкерлері күні мен Қазақстан теміржолының 110 жылдығын атап өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысты.
Айтулы шарада баяндама жасаған «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Қызылорда жол бөлімшесі» филиалының директоры Амангелді Арысбаев қызылордалық теміржолшылар кәсіби мереке күніне үлкен жетістіктермен келіп отырғанын айтты.
– Кеше ғана 1-ші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысының нәтижесінде, Қызылорда теміржол бөлімшесі қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өндірістік-қаржы мен негізгі көрсеткіштер бойынша республикада 1-орынға ие болды. Міне, мұндай жетістікке жету сіздердің әрқайсысыларыңыздың жауапкершілікпен аянбай еңбек етулеріңіздің нәтижесі дер едім, – деді ол.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы ел экономикасындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда шынайы көшбасшыға айналып отыр. Елбасының тікелей тапсырмасымен Астанада локомотив, электровоз және жолаушылар вагондарын құрастыру зауыттары бой көтерген. Қазіргі таңда 1200 шақырымдық Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл жобаларының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы станцияларға Қызылорда өңірінен мамандар таңдалып, оқытылуда.
Ал 2012 жылдың шілде айында құрылысы басталған «Жезқазған-Сексеуіл» теміржол желісінің жалпы ұзындығы 547 шақырым болса, оның 276,8 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді.
Сексеуіл станциясында теміржолшылар үшін мөлтек аудан тұрғызылып, 8 тұрғын үй салынды, сондай-ақ балабақшаның іргетасы қаланды. Бұл құрылысты жүзеге асыруда жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті халық тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, салтанатты жиында теміржол саласында жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлер, болат жолды бағындырып, ұзақ жыл аянбай тер төккен ардагерлер облыс әкімі мен ұлттық компания президентінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, «Қазақстан темір жолының 110 жылдық» медалімен марапатталды.
Облыста 9 мыңнан аса теміржолшы болса, оның екі жарымнан астамы – «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Осы орайда, еңбектің көрігін қыздырып, қоғамдық-саяси жұмыстарды жандандырып жүрген партия белсенділеріне партия филиалы төрағасының құттықтауы табыс етілді.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ президентінің кеңесшісі Бақберген Досманбетов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жандос Базартай ел экономикасының күретамыры саналатын темір жол саласында міндеттерін мүлтіксіз орындап жүрген қызметкерлер қандай мадақ-марапатқа да лайық екенін айтып, Қызылорда теміржол бөлімшесінің тарихына өзіндік қолтаңбаларын қалдырған сала майталмандарына алғыстарын жеткізді.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |