« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
«Аралтұз» АҚ жұмысшылары жалақыны жоғарылату мәселесін көтерді. Қазір осы өндіріс орнында жалпы саны 759 адам жұмыс істейді, орташа жалақы 42,5 мың теңге.
«Аралтұз» компаниясының өнімі еліміздегі ас тұзы рыногының 70 пайыздан астамын қамтып отыр. Кезінде атағы алысқа жайылған өндіріс орны соңғы жылдары іркіліске ұшырай бастаған еді. Сондықтан да былтырғы жылдың ақпан айынан бастап компанияға жаңа инвестор тартылып, ас және техникалық тұз өндіруді модернизациялау үшін жалпы құны 1,5 млрд. теңге болатын жоба қолға алынды.
Жоба бойынша тұз өндірісі жөнінен әлемдік көшбасшы саналатын испаниялық «Contrucciones Mecanicas J. SERRA, S.A» компаниясының жаңа технологиясы мен құрал-жабдықтары пайдаланылады. Осыған дейін өндіріс орны жылына 65 мың тонна ас және техникалық тұз өндіріп келсе, кәсіпорында жаңа жабдықтар іске қосылғаннан кейін жылына 170 мың тонна ас және 30 мың тонна техникалық тұз өндіру жоспарланып отыр. Жаңа технологиямен жабдықталған «Аралтұз» компаниясы еліміздегі тұз рыногының 90 пайыздан астамын қамтамасыз етіп, көрші мемлекеттер сұранысында айтарлықтай үлеске ие болады.
Модернизациядан өткен кәсіпорын осы айдың аяғында іске қосылады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта кәсіпорындағы жалақыға қатысты мәселені шешу мақсатында компания жұмысшылары, аудандық әкімшілік, кәсіподақ пен еңбек саласындағы бақылау басқармасынан құралған жұмысшы тобы жұмыс істеуде.
Сонымен қатар аймақ басшылығының шақыртуымен үстіміздегі жылдың 4 тамызында компания акционерлері келіп, көтеріліп отырған мәселеге орай зауыт басшылығы және ұжым мүшелерімен кездесу өткізеді.
Облыстық еңбек саласындағы бақылау
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |