Электронды үкімет порталы арқылы бизнес ашуға болады

Енді жеке кәсіпкерлікті заңды түрде elicense.kz порталында онлайн түрде тіркей аласыз. 

Алдымен, жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама қызметінің бетіне өтіп, онлайн тапсырыс беру керек.

Салық органын таңдай­сыз. Өтінішті толтырып, жеке мәліметті енгізесіз. Кейін мемлекеттік кіріс орган­да­ры­ның растауын күтесіз. Одан әрі ашылған терезеде кәсіпорныңыздың де­рек­те­мелері мен пара­метр­­лерін көр­сетуіңіз қажет. Мысалы, мекен-жайы, атауы, қызмет түрі, салық салу ны­саны және тағы басқа.

Со­ңында сұранымды элек­трон­ды цифрлы қолтаңба ар­қылы растайсыз. Жеке кә­сіп­керліктің  ашылғаны туралы хабарлама бір күн ішінде жеке кабинетіңізге келіп түседі.

Гүлмира МОЛДАҚОЖАЕВА, 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ облыстық филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы №1 бөлімінің маманы.

АҚПАРАТ 16 қараша 2019 г. 445 0