“СӘТТІ ҚАДАМ” ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ

Жуырда облыстық "Нұр Отан” партиясы филиалында "Жас Отан” жастар қанатының ұйымдастыруымен жастарды еліміздің өндірістік сала, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде жұмысқа орналастыру үшін жүйелі тағылымдамадан өту негізінде "Сәтті қадам ” жобасын бастады.

Бұл жоба барысында жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарды жұмыспен қамту мәселесі қаралған.Облыстағы бірқатармекемелермен екіжақты меморандумға қол қойылып, тиісті мамандықтар бойынша жастар тағылымдамадан өтетін болады. Бұл бастаманың бірінші кезеңі бойынша 147адам қатысып, сұхбаттасудан тоғызы өтіп, біреуі жұмысқа қабылданған.

Жұмысқа орналасу үшін әрбір жастүйіндеме толтырады. Оны тәуелсіз сарапшылар іріктейді.

Жобаға қатысушылардыңбірі Жадыра Кәрімова аталмыш жоба туралы достарынан естіген. Облыстық тілдерді дамыту басқармасында тағылымдамадан өтіп жақсы нәтиже көрсетеді. Нәтижесінде басқармаға жұмысқа орналасқанын қуанышпен жеткізді.

"Бүгінгі жастар үшін жасалып жатқанмүмкіндіктер көп. "Сәтті қадам” жобасы да сондай игі бастамалардың бірі. Осындай беріліп жатқан жеңілдіктерді тиімді пайдалана білу керек,” – дейді жас маман.

Жобаға қатысушыларға қойылар талаптар да қарапайым. Іріктеу сатысынан өтіп, түйіндеме мен жеке анықтама үлгісін толтырады.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.


АҚПАРАТ 29 шілде 2014 г. 854 0