ҚАЗАҚСТАН АДАМ ДАМУЫ ИНДЕКСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ЕЛДЕР ТОБЫНДА

Қазақстан адам дамуы индексінің деңгейі жоғары елдер тобында, деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ «Адамзаттың тұрақты өрлеуін қамтамасыз ету: әлсіздікті азайту және өмірге төзімділікті қалыптастыру» БҰҰ дамуы бағдарламасының адам дамуы туралы баяндамаға сілтеме жасап.

«2012-2013 жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы өткен жылдағыдай тұрақты 70-ші орында. Категориялар бойынша елдерді жіктеу бойынша Қазақстан АДИ деңгейі жоғары елдер тобына енеді», – делінген хабарламада.

АДИ рейтингісіндегі Қазақстанның орнын БҰҰДБ сарапшылары өңірдегі АДИ өсімінің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі деп бағалады – соңғы 10 жылда орта есеппен алғанда 0,84 пайыз, бұл Қазақстанның әлеуметтік саласындағы жүргізілетін саясаттың тиімділігін көрсетеді.

БҰҰ Даму бағдарламасы 2014 жылдың 24 шілдесінде 187 ел мен аумақты қамтыған 2013 жылдың қорытындысы бойынша Адам дамуы туралы жыл сайынғы кезекті баяндамасында Адам дамуының индексі нәтижесін жариялады.

Қазақстан Ресеймен, Белорусьпен, Украинамен бір топта. Орталық Азияның қалған елдері мынадай орындарда: Түркіменстан – 103, Өзбекстан – 116, Қырғызстан – 125, Тәжікстан –133.

«2014 жылғы баяндама тақырыбы әлсіздікті азайту мен өмір сүру қабілеттілігін арттыру арқылы адамзаттың тұрақты прогресін қамтамасыз етуге арналған», - делінген хабарламада.

Рейтингтің көш басында әдеттегідей Норвегия, Австралия, Швейцария, Нидерланды және АҚШ.

Қорытынды рейтингте барлық мемлекеттер 4 санатқа бөлінеді: АДИ өте жоғары мемлекеттер, жоғары мемлекеттер, орташа мемлекеттер және төменгі деңгейдегі мемлекеттер.


АҚПАРАТ 29 шілде 2014 г. 974 0