« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың жетекшілік етуімен облыс әкімдігінің аппарат мәжілісі болып өтті. Күн тәртібінде бекітілген мәселелер талқыланар алдында Серік Салауатұлы болып өткен кадрлық тағайындаулар туралы қысқаша хабарлама жасады. Ол Руслан Рүстемовтің облыстық ішкі саясат басқармасына және Сапар Рахменшеевтің облыстық денсаулық сақтау басқармасына басшылық қызметке келгенімен құттықтап, оларға жаңа қызметтерінде абырой мен табыс биігінен көрінуге тілектестік білдірді.
Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы” індетінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жайындағы шұғыл талдау орталығының басшысы Жасұлан Шынтасов хабарлама жасады.
Хабарламашы атап өткеніндей, 2014 жылы облыс аумағында "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының» қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып орналасқан 116 елді мекен танылды. Онда 103,8 мың бас ірі қара, 229,1 мың бас уақ мал, 10,1 мың бас түйе, 505 бас шошқа бар және 24 мыңнан астам мал қора мен 715 суат орналасқан. Осыған орай, облыстық құзырлы мекемелер қызметкерлерінен жұмысшы тобы құрылып, әкімдіктер ұсынған елді мекендерде көктемгі дәрілеу, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудің кестесі бекітілді. Үстіміздігі жылы бұл бағыттағы жұмыстарға 83,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Белгіленген мердігер мекеменің 55 адамы бар 11 бригадасы 28 наурыз бен 5 мамыр аралығында залалсыздандыру жұмыстарын талапқа сай атқарып шықты. Хабарламашы кейбір аудандарда, атап айтқанда, Арал, Қармақшы және Шиелі аудандарында мал тоғытатын ванналардың талапқа сай еместігі туралы да айтып өтті.
"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының белсенді ошақтарына Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Арал ауданы мен Қызылорда қаласының аумағы жатқызылып келсе, енді олардың қатарына Қармақшы ауданы қосылып отыр. Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің басшысы Рзақұл Нұртаев өз кезегінде айтып өтті. Ол маусым айының 26-да Қармақшы ауданында аталған науқас түріне күдікті ретінде аудан тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын және диагноздың анықталғанын жеткізді. Кешенді ем жүргізілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарып, 11-ші шілде күні ауруханадан шығарылған. Ауру ошағында тиісті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ал науқаспен қатынаста болғандар арасында ауруға күдіктілер анықталған жоқ.
Көктемгі жүргізілген кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігін тексеру облыс бойынша 23 елді мекенде тиімділігі 90 пайыздан төмен болғанын көрсетті. Жалпы, бұл жұмыстардың тиімділігі мал тоғыту ванналарының өз дәрежесінде болуына да байланысты. Осы ретте С.Қожаниязов аталған аудандар әкімдеріне жергілікті бюджет есебінен қаржы қарастырып, мал тоғытатын тоғандардың сапалы әрі талапқа сай жасалуына қатаң бақылау жасау керектігін тапсырды. Сонымен бірге, табиғи ошақтарда тамыз айының 15-нен басталатын күзгі маусымдағы кенеге қарсы жоспарлы өңдеу шараларының дер кезінде, уақытылы және сапалы жүргізілу басты назарда болуы тиісті құрылымдар басшыларына ескертілді.
Жаз маусымында суға шомылудың қауіпсіздік шаралары әкімдік мәжілісінде қаралған келесі мәселе болды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Келесов баяндап берді. Жыл басынан бері облыс көлемінде 18 адамның суда қаза болу фактісі тіркелсе, оның төртеуі бала. Мұың ішінде суға түсу маусымы басталғаннан бері суда қаза болғандар 11 адам, оның біреуі бала. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қайтыс болған адам саны 12 пайызға, бала саны 33 пайызға азайған. "Суда құтқару” қызметкерлерінің дер кезінде әрекет жасауы арқасында 9 адамның өмірін сақтап қалды.
Орын алған жағдайлардың басты себептеріне балық аулау кезінде қауіпсіздікті сақтамау, суға түсуге бейімделмеген жерлерде қауіптілікті елемеу, спирттік ішімдік ішіп суға түсу, үлкендердің бақылауынсыз суға түсу секілді оқиғалар жатады. Аталған төтенше жағдайларды азайту және болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан бірқатар жұмыстар да атқарылуда. Түсінік жұмыстары халық көп шоғырланатын жерлерде жүргізілуде.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Р.Рүстемов күн тәртібіне сай 2014 жылдың қорытындысымен бұқаралық ақпарат құралдарына жазылу және "ОТАУ ТВ” спутниктік телеарнасына қосылу жұмыстарының барысы туралы айтып берді Ол баспасөзге жазылу деңгейінің төмендеп отырғанына мәжіліске қатысушылардың назарын аударды. Бұған кейбір облыстық басқармалардағы төмен көрсеткіштер де өзіндік үлес қосып отырған жайы бар. Дегенмен, бұл қалыс қалуды түзетуге мүмкіндіктер бар. Пошта бөлімдері әрбір келесі айдан бастап газеттердің келе беруіне мүмкіндік жасап қойған. Тек, жазылуға ынта болсын деңіз.
Облыста 148 мың отбасы болса, соның қазіргі таңда 30 пайыздайы "ОТАУ ТВ” спутниктік телеарнасына қосылған. Шет аудандарда көрші облыстан келген дилерлер атсалысып жатыр. Бірақ, олардың қосып жатқан үйлері біздің аймақтың есебіне кірмей қалуы мүмкін.
Осы орайда С.Қожаниязов облыстық басқарма басшыларына бұқаралық ақпарат құралдарына жазылу деңгейін көтеру керектігін ескертті. Сонымен қатар, алдағы уақыттарда әкімдер рейтингілеріне "ОТАУ ТВ” спутниктік телеарнасына қосылу көрсеткіштері де кіретінін еске салды. Сондықтан, бұл істе де жайбарақаттық танытудың негізі жоқ. Ал көрші облыс диллерлері қосып берген нүктелерді өз есебімізге кіргізу бағытында жұмыс жүргізілуі керек. Өйтпеген жағдайда, олар қажетті техникалық көмек ала алмауы мүмкін.
Мәжіліс соңында облыс әкімі аппаратының басшысы Қанат Жайсаңбаев алдағы уақытта бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтетінін хабарлап, оған дайындықпен келу керек туралы аудандар әкімдері мен басқармалар басшыларын ескертті.
Ыдырыс ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |