« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Заман ағымына сай нарықтық қатынастар ауқымы арта түсуде. Соған байланысты салық заңдылықтарын жетілдіре береді. Үстіміздегі жылы болған осындай өзгеріс туралы Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің оңалту және банкроттау басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаровтан айтып беруін сұраған едік.
– Темірлан Нұрланұлы, банкроттық және оңалту саласына байланысты жаңа Заң жөнінде қысқаша тоқтала өтсеңіз.
– Үстіміздегі жылдың 7 наурызында жаңадан қабылданып, 26 наурызда күшіне енген «Оңалту және банкроттық туралы» Заңы, осы уақытқа дейін қолданыста болып келген 1997 жылдың 21 қаңтарындағы «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын алмастырды. Жаңа Заңмен көптеген жаңадан ұғымдар, нормалар енгізіліп, банкроттау және оңалту рәсімдері нақтыландырылды. Осы уақытқа дейін қолданыста болған Заңға сәйкес, уәкілетті органның құзырында болған іс-әрекеттер алдағы уақытта соттардың құзырына берілді.
Атап айтқанда, бұрынғы «конкурстық басқарушы» түсінігінің орнына жаңадан «әкімші», «уақытша әкімші», «банкроттық және оңалтуды басқарушы» сияқты жаңадан терминдер енгізілсе, бұрын уәкілетті орган құзырында болып келген әкімшіні тағайындау, банкроттық рәсімді ұзарту, қорытынды есепті бекіту сияқты іс-әрекеттер енді соттың құзырына берілді. Қабылданған Заңмен әкімшінің (оңалтуды және банкроттық басқарушылар) және уәкілетті органның құзіреттері мен құқықтары нақты белгіленіп берілген. Сонымен бірге, қабылданған Заңға сәйкес мүліктік массаны бөлудің кезектілігі де қайтадан қарастырылып, бұрын 4 кезекте болған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектер енді 3 кезекте өтелетін болады.
– Борышкер тұлғаны банкрот деп тану мерзімдерінде өзгерістер бар ма?
– Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi мен мерзімдеріне де біршама өзгерістер енгізілді. Қабылданған Заңға сәйкес салық берешегі бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап төрт ай ішінде орындалмау және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрау керек. Қолданыста болған Заң нормаларына сәйкес, бұл мерзім үш айды құраған болатын. Сол сияқты, борышкерге төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған кезден бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгіну жөніндегі міндеттілігі жүктелген.
– Ал, банкрот тұлғалар жайлы мағлұматты қайдан алуға болады?
– Банкрот немесе оңалту рәсімін өтудегі тұлғалар бойынша қабылданған ұйғарым, сот шешімдерінің, кредиторлар талабының тізбесін де уәкілеті органның, яғни Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында жариялау тәртібі де белгіленіп отыр. Одан банкрот немесе оңалту рәсімінде жүрген тұлғалар жайлы толық мәліметті алуға болады.
– Қолданыстағы заңнама нормаларына өзгерістер еніп, жаңадан Үкімет қаулылары да қабылданып жатыр емес пе?
– «Оңалту және банкроттық туралы» Заңын қабылдаумен қатар, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне де әкімшілердің қолданыстағы заңнамаларды бұзу жағдайларына қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, осы кодекске 155-1, 155-2, 155-3, 155-4, 155-5 баптары енгізілген. Әкімшілер тарапынан тиісті рәсімдерді ұсынбау, кредиторлар жиналысының өткізілу күні мен уақытын хабарламау, кредиторлар талаптар тізбесін қалыптастырмау, сату жоспарының тәртібін бұзу, қорытынды есепті ұсынбау және де басқалай әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша жауапкершіліктері қарастырылған. Бұнымен қатар, тиісті нормативтік актілер де қабылдануда, атап айтар болсақ, ҚР Үкіметінің 6 қаулысы мен Қаржы министрлігінің 6 бұйрығы қабылданып отыр.
– Бүгінгі күнге, өңіріміз бойынша банкроттау процесінде қанша тұлға бар, олар бойынша да мағлұмат берсеңіз.
– 2014 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға облыс бойынша банкроттау және оңалту процедурасына барлығы 124 тұлға тартылса, оның ішінде банкроттау процедурасына 103 тұлға, оңалту процедурасында 21 тұлға бар. Есепті кезеңде мекемелердің банкроттау процедурасын жүргізіп, қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру нәтижесінде бюджетке нақты 33 812,7 мың теңгенің түсімі қамтамасыз етілді.
Сонымен бірге, «Әдейі, жалған банкроттық пен банкроттық және оңалту кезіндегі заңсыз іс-қимылдардың алдын алу, айқындау және жолын кесу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы туралы» ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен ҚР Қаржы министрінің Бірлескен бұйрығына сәйкес борышкерлердің қаржы-шаруашылық қызметін талдау нәтижелері бойынша банкроттық кезінде әдейі немесе жалған банкроттық және заңсыз іс-әрекет белгілерінің болуы туралы үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында тоқсанында Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне 6 арызы жолданды.
– Әңгімеңізге рахмет!
Ыдырыс ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |