СЫР ЕЛІ – ДОСТЫҚ МЕКЕНІ

Облыста ұлтаралық бірлік пен татулық және келісімді сақтауға этникааралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру мен қазақстандық патриотизмді, сондай-ақ, Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін насихаттау мақсатында "Сыр елі – достық мекені” атты достық керуені ұйымдастырылды. Бұл жобаны облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясының қолдауымен "Болашақ жастары” қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.

Достық керуенінің бағдарламасында ақпараттық-насихаттық топтар, соның ішінде облыс орталығындағы этномәдени ұжымдардың шығармашылық концерті, облыстық фестивальдар жеңімпаздарының өнері мен халықтық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Негізі достық керуені Жаңақорғаннан Арал ауданына дейін жүріп өтіп, өз жұмысын Қызылорда қаласында қорытындылады. Сөйтіп керуенге қатысушылар облыс орталығында есептік концертін берді. Сонымен қатар қалалық мәдениет және демалыс паркінде болып, көпшілік қауымға қазақ, орыс, татар және корей тілдеріндегі өлеңдер мен әндерді ұсынып, түрлі ұлттардың керемет билерімен тамсандырды.

Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.


АҚПАРАТ 17 шілде 2014 г. 1 403 0