| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||
 Жуырда
облыстық салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен "Қазақстан-2050” Жалпыұлттық қозғалысы
аясында "Елдің күші – бақытты отбасы” атты акция болып өтті. Оған "Ақ босаға”
әйелдер бірлестігінің төрайымы М.Аңсатова, қоғамдық бірлестіктер, жастар
ұйымының өкілдері, ерікті жастар, ата-аналар және бүлдіршіндер қатысты.
Жуырда
облыстық салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен "Қазақстан-2050” Жалпыұлттық қозғалысы
аясында "Елдің күші – бақытты отбасы” атты акция болып өтті. Оған "Ақ босаға”
әйелдер бірлестігінің төрайымы М.Аңсатова, қоғамдық бірлестіктер, жастар
ұйымының өкілдері, ерікті жастар, ата-аналар және бүлдіршіндер қатысты.Шараның негізгі мақсаты – отбасы шағын мемлекет болса, оның ең басты маңызы татулығы мен бірлігі. Балалардың бақытты да жарқын отбасында тәрбиеленуі қоғам үшін маңызды болып табылады. Әрбір бала толыққанды отбасында тәлім- тәрбие алуы тиіс. Осы орайда аталмыш шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қ.Мырзахметов сөз алып, акцияның ерекшелігіне тоқталып, мұндай шара еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқандығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар қала аумағындағы ойын алаңдарында игі шаралар өткізілiп, отбасылық байқаулар жарияланып, акция өз жалғасын табуда.
Жиында концерттік бағдарлама ұсынылып, онда бүлдіршіндер ән жырдан шашу шашып, мың бұрала биледі. Спорттық, ұлттық ойын түрлерінен өзара бақ сынасып, асфальтқа сурет салудан жарысты.
Шара соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
| « Қазан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | ||