« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Бас қаламыз Қызылорда да биылғы жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жасалып жатқан игі шаралар аз емес. Жыл басынан бері құны 1 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылды.
Атап айтсақ, ҮИИД бағдарламасы бойынша жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылып, жаңадан 56 жұмыс орны ашылды. Таратып айтсақ, құны жарты миллион теңге болатын «Хуа Ю интернационал в г.Кызылорде» ЖШС «Химиялық реагенттер өндірісін» қолға алып, 24 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Досболов құны 10 млн. теңге тұратын «Гигиеналық қағаз шығаратын цех құрылысы» жобасын бастап, 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал, республика көлемінде теңдесі жоқ «Smart Rubber» ЖШС-ның «Жарамсыз автокөлік балондарын өңдеу арқылы резеңке ұнтағын және жерасты трубаларын шығару» жобасы іске қосылып, қазіргі кезде өз өнімдерін нарыққа шығарып жатыр. Жұмысын қызу атқарып жатыр.
Сонымен қатар, 2014 жылдың аяғына дейін жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Жобалар іске қосылғанда жаңадан 266 жұмыс орны ашылады.
Осы ретте, БАҚ өкілдері «Хуа Ю интернационал в г.Кызылорде» ЖШС-ның «Химиялық реагенттер өндірісі» жобасының жүзеге асырылу барысымен және жыл ішінде іске қосылатын «Жан Арай Жем» серіктестігінің «Қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем зауыты» жобасының құрылысымен танысты. Жобаның құны 375,9 млн. теңгені құрайды.
Ал «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 5 мектеп пен 1 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 433 млн. теңге бөлінді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |