ТАҒЫ ДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДАМЫЗ

«Саясат-monitoring» тобы «Время» газетінің тапсырысы бойынша маусымның 29-ы мен шілденің 2-сі аралығында сауалнама жүргізді. Зерттеу барысында құрамында саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, блогерлер, саяси технологтар мен журналистер бар 30 сарапшы жабық әдіс бойынша жауап берді. Аймақ басшыларының рейтингі бірнеше көрсеткіштер бойынша анықталды.

Бірінші орынға Алматы әкімі Ахметжан Есімов көтерілді. Сауалнамаға қатысқан сарапшылар оңтүстік астананың әкімін тұрақты басқарушы ретінде бағалаған. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тізімде екінші орыннан табылды.

Қызылорда облысының басшылығы сарапшылардың жоғары бағасын алды. Олар Қырымбек Көшербаевтың шаруаға мығым екенін тағы да дәлелдеп отырғанын, аймақтың жағдайын жақсарту жолында үлкен күш салып жатқанын атап өтті. Өткен айда Көшербаев активі Еуразиялық сарапшылар форумын және Астанада Қызылорда облысының күндерін сәтті өткізуімен де ерекшеленді.

Төртінші тұғырдан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов көрінді. Сала мамандарының айтуынша, соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығында ауқымды істер атқарылғанын алға тартады. Сауалнамаға қатысқандар Президент Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына сапарын жоғары бағаландықтан, Б.Сапарбаев лидерлер тобынан орын тапты.


АҚПАРАТ 17 шілде 2014 г. 761 0