ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР ҰРПАҚ ИГІЛІГІНЕ АСАДЫ
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Онда Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешенін қайта жаңғырту, оны ЮНЕСКО-ның мәдени және табиғи мұра тізіміне енгізу мәселесі кеңінен талқыланды.
Басқосуға қатысқан Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, халық жазушысы Олжас Сүлейменов тарихи құндылықтарды келешек ұрпаққа аманат ету үшін атқарылатын жұмыстар жайын баяндады. Мамандар пікірі тыңдалып, жобаға қатысты ойлар талқыға түсті.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.