« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
«Өткенсіз келешек жоқ» деген халық даналығы – бүгінгі ұрпаққа даңғыл жол. Кез келген жаңалық өткенімен өзектеліп, келешек ұрпақпен жалғасын табары сөзсіз.
Қандай бір жер болмасын өзіндік тарихымен үндесіп жатады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы десек, осы құнды құжаттар төңірегінде әлемдік деңгейде өркениет дамып, еліміздің, жеріміздің тарихына тереңірек үңіліп, ескіміз жаңғырып, жақсы істер мен жаңалықтар белең алып, сана-сезімімізге ерекше серпіліс беруде.
Осындай жаңалықтың бірі – «Майлыөзек – құтты мекенім» атты кітап. Бұл елімен етене араласып, ауылының суығына тоңып, ыстығына шыдаған, адал еңбегін туған ауылына арнаған бүгінгі зейнеткер, еңбек ардагері Ағайша Нұрғалиеваның жинақтаған деректері. Кітаптың мазмұндылығы сондай шағын Майлыөзек елді мекенінің тарихына терең үңіліп, жақсысы мен жайсаңдарын, осы өңірден түлеген түлектерді түгел ендіре білген. 1957-1980 жылдары бөлімше, кейін Алдашбай ахун ауылы болып өзгерген елді мекеннің тарихы толық берілген. Бүгінгі күнгі өсу мен өркендеулер, ұрпақтың өскелеңдігі өткен кезеңдерді еріксіз көз алдыңа елестеді. «Туған жерге туыңды тік» деген зерделі сөзді ескерсек, бұл еңбек ауылына деген бір тамшы болса да перзенттік үлес.
Дана халық «Бағалай білгенге бақ, қуана білгенге құт қонады» деп жатады. Сондықтан ауылымыздың ерен еңбегін бағалап, жаңалықтар үшін қуана білейік.
Мейрамбек Жақанов.
Қармақшы ауданы,
Алдашбай ахун ауылы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |