ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ

Міне, қырық күн шілде де келді. Мұндай ыстық кезде бала денсаулығына мұқият болуымыз қажет. Себебі, күн ысыған сайын адам шөлдегіш келеді. Сонымен бірге жеміс-жидектерді жумай жегеннің кесірінен балалар жедел ішек инфекциясына шалдығып жатады. Жедел ішек инфекциялары ас қорыту жолдарын зақымдайтын, диареямен (іш өту) ағзаның уыттануымен және сузыздануымен сипатталатын әр түрлі жұқпалы аурулар тобы. ЖІИ–жиынтық ұғым. Бұған вирусты жедел ішек инфекциясы және бактерияның уытының ішек инфекциясы жатады. Соңғысында іш өту уыттанғаннан болады. Ағзада ол кезде бактерия болмауы да мүмкін, яғни бактерияның қалдығы бар өнімді жеудің өзі ішек инфекциясын тудырады. Дегенмен, барлық ішек инфекциясының әртүрлі себептеріне қарамастан, ортақ белгілері бар. Олар дене қызуының көтерілуі, жүректің айнуы және іш өту.

Өз кезегінде іш өту ағзаның сусыздануына әкеліп соғады. Ал сусыздану кезінде ағзадағы судың үлкен құрамы және минераль жоғалады. Нәрестелер үшін сусыздану өте қауіпті, тіпті, оның соңы өлімге алып келуі мүмкін.

Жедел ішек инфекцияларын болдырмау үшін, ең бастысы, ас ішер алдында қолдарыңызды сабындап жуыңыз, таза және қайнатылған су ішіңіз, дайындалған тағамдарды ашық қалдырмаңыз, үйдегі қоқысты уақытылы шығарыңыз.

Егер балаңыздың дене қызуы көтерілгенін байқасаңыз, тез арада аймақтық емханадан дәрігер шақырып қаратыңыз. Қазіргі таңда барлық емханаларда уақытша ауызбен суландыру бекеттері жұмыс істеп тұр.

Ахметжан Аманов,

Қызылорда қалалық тұтынушылардың

құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы.


АҚПАРАТ 12 шілде 2014 г. 1 707 0