ДЕРЕКТЕР – ӨМІР АЙНАСЫ

Жуырда облыстық статистика департаментінің мәжіліс залында "Респонденттердің және әкімшілік дереккөздердің мүдделерін қозғайтын мемлекеттік статистика мәселелері” тақырыбында семинар болып өтті.

Оған мемлекеттік мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері, шағын және орта кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Жиынды облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары М. Байекеева ашып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Одан әрі Сыр еліне арнайы келген ҚР Статистика агенттігінің заң департаментінің бас сарапшысы Құралай Нұрсейітова сөз алып, Үкіметтің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1540 қаулысымен бекітілген агенттіктің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының орындалуы тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Осы мақсатта арнайы дайындалған жоба көпшілік назарына ұсынды. Онда ең бастысы, ақпараттың нақтылығы мен сапасына мән бере отырып, құпия сақталатын дереккөздерді қандай жағдайда пайдалана алатынын түсіндіріп өтті. Егер жалған ақпарат таратылған жағдайда арнайы әкімшілік шара қолданылады екен.

Мәселен, облыстық статистика департаментінің электронды сайтына белгілі бір мекеме тарапынан сауал жолданса, оған бір күннің ішінде жауап қайтарылатынын жеткізді. Алдағы уақытта сала мамандарын сайтпен жұмыс жасауға шақырды.

Шара соңында қатысушылар бас сарапшыға тиісті сауалдарын қойып оған тұшымды жауап алды.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
АҚПАРАТ 12 шілде 2014 г. 860 0