Қарттарға қамқорлық

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, ор¬талық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Қарттар үйінде болып, өкіл имам бастаған топ Астана күнімен құттықтады.
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы тек атаулы күндері ғана емес ай сайын қарттар үйіне көмек беруді әдетке айналдырған. Бұл жолы көңілі жабырқау қарттарды Астана күнімен қуантып қайтты. Мешіт ұжымы арнайы облыстық филармония әншілерін шақырып, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мерекелік көңіл күй сыйлады. 
Салтанатты шарада қарттар әншілермен бірге ән салып, өкіл имаммен тілдесіп, жанға жайлы әңгімелер өрбіді.
Осылайша риясыз көңілде өткен кездесуде қариялар ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.
– Лайымда елімізде жетімдер үйі, қарттар үйі болмағай. «Қариясы бар үй, қазыналы үй» демекші осы сөзді әрбір жас санасына түйіп, ата-анасын алақанына салып қамқор болғай, – дейді орталық мешіт өкіл имамы. 
Нұрбек Сағадат.

АҚПАРАТ 09 шілде 2014 г. 872 0