« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Жобаның мақсаты: тарих, саясаттану, социология, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, т.б. ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті жағдайды жасау.
Жоғарыда аталған жоба бойынша жуырда ғана баспадан шыққан жаңа туындылар Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың ғылыми-техникалық кітапханасына келіп түсті. Осы орайда ҚМУ оқу орны ашық аспан астында кітаптар көрмесін өткізді. Әлем әдебиеті қорынан қазақ тіліне аударылған ғылыми негіздегі кітаптар жалпы оқырманға арналған.
Десек те, бұл құнды дүниелердің ЖОО оқытушылары үшін қажеттілігі зор. Өйткені өткен жылдан бастап аталған оқулықтар жоғары оқу орындарының оқыту бағдарламаларына енгізілген еді. Яғни, бұл бастама білім саласында жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
– ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақ тіліндегі гуманитарлық білім – 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жарыққа шыққан әлемдегі ең таңдаулы туындылар ғалымдар мен ЖОО оқытушылары үшін, сондай-ақ, студенттер, қарапайым оқырмандар үшін де аса қажетті әрі құнды дүние. Себебі, кез келген адам осы оқулықтар арқылы әлемдік деңгейдегі ғылыми тұжырымдармен, тың идеялармен танысып, ондағы тәжірибені өз бастамасына пайдалануына мүмкіндігі бар, – дейді Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор міндетін атқарушы Жандос Базартай.
Сондай-ақ, шара барысында университет ұжымы «Ұлттық домбыра күнін» де атап өтті. Ашық көрмеге домбыраның тарихы мен бүгінгісі жайлы кітаптар қойылды. Бұл орайда Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова сынды есімі аңызға айналған күйшілердің өмір тарихы, өнердегі өшпес мұрасы туралы шығармалар көрменің шырайын келтіріп тұрғандай. Сол сияқты, дәстүрлі өнердің даму жолындағы дәйекті деректер қамтылған.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |