« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Елiмiздiң бас қаласы – Астана күні қарсаңында Сыр бойының өнерпаздары үлкен мәдени іс-шара өткізді. Бұл облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен кең ауқымда өткізіліп отырған шара. Төрт күн бойы арқа төсінде Сыр елінің өнер ұжымдары, яғни, Тұрмағанбет атындағы халық-аспаптар оркестрі, "Томирис” би тобы, белгілі ақын, сазгер Елена Әбдіхалықова бастаған өнерпаздар және Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының артистері өнерлерін паш етті. Сонымен бірге, "Сыр сүлейін сұрасаң...” деп аталатын жыршы-жыраулардың өнер кеші де астаналықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылды. Мұның бәрі әрине, Сыр елінің талғамы биік астаналықтарға мерейлі мереке қарсаңында жасаған үлкен тартуы болды деп есептеймін. Екінші жағынан бұл ел шалғай, жер шалғай демей аймақтардағы, облыстардағы халық таланттарының, өнерпаздарының өз өнерлерін жарқырап көрсетуге жол ашылды деген сөз. Сыр бойының Жанкент, Сығанақ, Сауран секілді еліміздің астанасы болған қалаларымен бірге қазақтың алғашқы астанасы атанған Қызылорда бүгінгі жаңа Елордамен мәдени, рухани үндестікте, байланыста болуы заңды құбылыс. Бұл байланыс болашақта да өзінің өрнекті жалғасын таба бермек. Елордалық ағайындар да Сыр елінің өнерін жылы қабылдап, қолдау білдірді. Мәдениет, өркениет деп отырғанымыз осындай ыстық ілтипаттан басталса керек. Астана тойы – бұл барша қазақтың қуанышы, елдің тойы. Сондықтан мерейлі мереке барша қазақстандықтарға құтты болсын!
Алмас Алматов,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |