« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Кеше "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдап, жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыстады.
Биылдан бастап партияның жаңа үлгідегі билеттері жасалып, ол еліміздің барлық аймақтарында салтанатты жағдайда тапсырылуда. Соның дәлеліндей, мұндай шара Қызылорда облыстық филиалында да жүзеге асырылды. Қазіргі таңда партияның филиалында 276 бастауыш ұйым бар десек, олардың қатарында 38000 мүше бар көрінеді. Бүгінге дейін солардың 24,5 мыңына жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталыпты.
Астана күні мерекесі қарсаңында республиканың барлық аймақтық филиалдарының төрағалары партия қатарына қабылдау рәсімдерін өткізуде. Қызылорда облыстық филиалындағы салтанатта 9 азамат партия қатарына қабылданса, жаңа үлгідегі партия билеттері табысталды. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, қарапайым жұмысшы, медбике, өнер және спорт саласының мамандары бар.
Салтанатты шарада сондай-ақ партия ардагері Сексенәлі Раханов, Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық мәслихат депутаты Абзал Ералиев, Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылдық округінің әкімі Азия Қыстаубаева, облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері Төрехан Бектегенов, "Қазпошта” АҚ облыстық филиалының директоры Әнуарбек Әбдімомынов, Сырдария аудандық өлкетану музейінің директоры Алмагүл Бақтияроваға жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды.
Шара барысында партияға қабылданғандар атынан сөз алған Нұрболат Сейітмұратов, Айдана Әбдікереева, Абзал Ералиев партия төрағасына ризашылықтарын білдіріп, сенім үдесінен шығатындықтарына сендірді.
Салтанат соңында аймақтық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев партияластарға сәттілік тілеп, жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |