« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Өткен аптада Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы үшін қос мереке қатар келген күн болды. Компания Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнін атап өтумен қатар, "Қазақтелеком” АҚ-ның 20 жылдығын тойлады. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде осы қос мерекеге арналған салтанатты шара болып өтті. Оған сала қызметкерлері мен ардагерлері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары басшылары қатысты.
Салтанатты шара басталар алдында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бастаған құрметті қонақтарға телекоммуникация қызметінің жаңа түрлері таныстырылып, 4G LTE мобильдiк байланысының 4-ші буын GSM желісінің тұсаукесері болып өтті. Мұнан соң С.Қожаниязов байланысшыларды кәсіби мерекесімен және мерейтойларымен құттықтады. Ол байланыс және ақпарат саласының бүгінгі замандағы маңызды қызметіне тоқталды. Серік Салауатұлы осыдан кейін байланыс саласының қызметкерлеріне облыс әкімінің құрмет грамотасын және алғыс хатын табыс етті. Қызылорда ОДТ бас директоры Серік Балтабайұлы өз кезегінде компанияның осы жылдары жеткен жетістіктеріне шолу жасады. Аймақта барлық аналогтік АТС-тер цифрлы АТС-терге ауыстырылып, цифрлы радиорелелік және талшықты-оптикалық желілер іске қосылды. Ауылдағы ағайындардың мүмкіндігі артты. Осы жұмыстардың қарқынды атқарылуы арқасында Сыр өңірі қазіргі таңда Республика бойынша телекоммуникациялар желісін 100 пайыздық цифрландыруға қол жеткізген екінші аймақ болып отыр. Компания басшысы мұнан соң ҚОТД қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап алғыс хаттар табыс етті. Ол сонымен қатар, ақпараттық құралдар басшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Мерекеге жиналған қауымды сондай-ақ, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Қазақстанның еңбек сінірген қайраткері, Журналистер одағының лауреаты Ержан Уәйіс, "Қазақстан-Қызылорда” телеарнасының директоры Жағыпар Қарабала құттықтады. Салтанатты шараны жергілікті өнерпаздар ән-шашуымен өрнектеді.
Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
Байланысшылар мерекесі
Жылдам хабар алғызған. Қандай қоғамда да почта қызметі бәсін төмендеткен жоқ. Бүгінгі таңда шалғай ауылдардың өзінде де бұл сала жолға қойылған. Солардың бірі – Қазалы аудандық почта байланыс торабы десек артық емес. Байырғы маман Жайлаубай Нұрбаев басшылық жасайтын аталмыш ұжымда сексенге тарта адам еңбек етеді. Мұнда почта тасымалымен қатар қаржылық қызмет те көрсетіледі. Яғни, екінші деңгейлі банктің рөлін атқарады дегенді аңғартады. Айта кетерлігі, қазалылық байланысшылар қашанда аудан көлеміндегі БАҚ-қа берілген межені орындап, биіктен табылуда.
Еңбегіне қарай құрмет. Кәсіби мерекеге орай почта байланыс торабында салтанатты жиын өткізілді. Рәсімде мекеме басшысы Жайлаубай Нұрбаев құттықтау сөз сөйледі. Мұнан соң сала озаттары марапатталды. Торап инкассаторы Қайырбек Табынбаев «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасының, электроншы Ғазизбек Қоламсақов Қазалы ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ ұжымға аудан әкімінің алғыс хаты, бағалы сыйлығы тапсырылды. Жиын барысында кәсіподақ комитетінің төрағасы Төрехан Майлыбаев бір топ ұжым мүшелеріне «Нұр Отан» партиясының мүшелік билетін табыстады.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |