« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылорда облысындағы шет жайлап, қиыр қонған елді мекеннің бірі – Қазалы ауданындағы Сарбұлақ ауылы. Астанадан мың жарым, ал Қызылорда қаласынан бес жүз шақырым қашықтықта жатқан ауыл өркениет көшінен қалып отырған жоқ. Бүгінде Сарбұлақ ауылдық округінде 83 отбасы тұрып жатыр. Ал осы 83 шаңырақтың 74 түтіні үйлеріне «Отау ТВ» спутниктік қондырғысын орнатып алған.
Бұл тек Қазақстанның ғана емес, әлемнің әр тарабынан ақпарат алып отыру үшін таптырмас құрал екені белгілі. Бәрінен бұрын құмның арасында қарапайым өмір сүріп жатқан ауыл Елбасымен телекөпір арқылы сөйлесті. Ризашылықтарын білдірді.
– Әлемдегі озық технологияның біздің ауылға келгеніне, өмірімізге дендеп енгеніне өте қуаныштымыз. Осыдан үш күн бұрын «Телегазет» ашылды. Бұл біз үшін өте үлкен жаңалық болды. Астанадан шығатын газеттерді үйде отырып-ақ оқитын дәрежеге жеттік. Күнделікті саяси, әлеуметтік, мәдени-рухани жаңалықтармен осы «Телегазет» арқылы таныса аламыз. Ал басылымдардағы көлемді мақалалар мен терең талдауларды, сараптамалар мен эсселерді газеттің өзінен асықпай оқитын боламыз. Еліміздегі шалғай ауылдарды дамытуды үнемі қолдап келе жатқаныңыз үшін зор алғыс айтамын. Рахмет Сізге! Осының бәрі Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасы. Біз оны қолдаймыз. Сізге ауылдастарымның атынан тек қана жақсылық, амандық тілеймін, – деді Сарбұлақ ауылының тұрғыны Сахи Бегалиев. Бүгінде алпыстың асқарына шыққан Сахи аға «Қазақтелеком» АҚ-ның Сарыбұлақ елді мекеніндегі монтері. Жұбайы Даража Орынбаева екеуі 4 бала, 2 немере тәрбиелеп отыр.
Телекөпір соңында Елбасы елде атқарылып жатқан жұмыстың барлығы қарапайым халық үшін, ауылды түлету мақсатында жасалып жатқанын айтты. Ал «Телегазеттің» жұртшылық үшін жақсы жаңалықтың жаршысы екенін жеткізді.
Ержан БАЙТІЛЕС.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |